Kaspersky Endpoint Security for Windows құрылғыларындағы деректерді шифрлау немесе шифрсыздау тапсырмаларын орындау барысында Kaspersky Security Center Linux бағдарламасына келесі типтегі оқиғалар туралы ақпарат жібереді:
Құрылғыларда деректерді шифрлау кезінде туындаған оқиғалар тізімін қарап шығу үшін:
бағдарламаның негізгі терезесінде Операциялар → Деректерді шифрлау және қорғау → Шифрлау оқиғалары бөліміне өтіңіз.
Бөлім мәзірде болмаса, демек, ол жасырылған. Пайдаланушы интерфейсі конфигурацияларында бөлімді көрсету үшін Деректерді шифрлау және қорғау опциясын көрсету параметрін қосыңыз.
Шифрланған қатты дискілер тізімін CSV немесе TXT пішіміндегі файлдарға экспорттауға болады. Бұл үшін Жолдарды CSV файлына экспорттау немесе Жолдарды TXT файлына экспорттау түймесін басыңыз.
Сондай-ақ, әрбір басқарылатын құрылғы үшін шифрлау оқиғалары тізімін қарап шығуға да болады.
Басқарылатын құрылғының шифрлау оқиғаларын қарап шығу үшін: